Sauatty jaz
Sauatty jaz

Ерікті болу жолы

Тілдік нормаларды сақтауға үлес қос

Ерікті атанғыңыз келе ме?

Ерікті — тілдік қателерді анықтап, дәлелдеп және түзетуге үлес қосатын серіктес. Төмендегі талаптармен танысып, өтініш беріңіз. Одан кейін заңдарды оқып, видео курстарды көріп, тест тапсырасыз, сұхбаттан өтесіз және еріктілер тобына қосыласыз.

ТалаптарЗаңдарТестВидеоСұхбатТоп

Қазақ және орыс тілдерінде еркін сөйлеу

Екі тілде де еркін сөйлеп, жаза алуыңыз қажет.

Сабырлы, өзін ұстай алатын

Ашуға берілмейтін, даулы жағдайларда сабырлылық танытатын адам.

Кемсітуге жол бермейтін

Ұлтына, тіліне, этностық немесе діни тиесілігіне байланысты адамдарды кемсітуге; қандай да бір ұлттың немесе этностың артықшылығын не кемдігін насихаттауға; әлеуметтік, ұлттық, этностық, нәсілдік немесе діни алауыздықты қоздыруға; қорлау, қоқан-лоққы жасау немесе қысым көрсетуге; қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттауға немесе оған шақыруға; қоғамдық тәртіпті бұзуға бағытталған әрекеттерге жол бермейтін.

Заңды білу және сыйлау

«Тіл туралы» заңды және тілдік қателерді анықтау ережелерін оқып, түсінген болуы.

Жауапкершілік және жүйелілік

Өзіңізге тағайындалған тапсырмаларды уақытында орындау, қажет болса бас тартуға батыл болу.

Құпиялылықты сақтау

Құпия болған ақпараттарды жарияламау.

Объективтілік

Қателікті дәлел негізінде ғана растау, жеке пікір немесе эмоцияға жүгінбеу.

18 жастан асқан ҚР азаматы

Қазақстан Республикасының азаматы болу және 18 жастан асқан болуыңыз қажет.

Техникалық дайындық

Смартфонмен суретке түсіріп, жүктей алу, картамен жұмыс жасай алу.

Қарым-қатынас қабілеті

Бизнес өкілдерімен, әкімшілікпен, жауапты тұлғалармен сөйлесе алу қабілеті.

Кезең сипаттамасы

Кезең 2

Заңдарды оқу

Тіл туралы заңдармен және нормативтік құқықтық актілермен танысасыз. Әр заңның мәтінін оқып, түсінгенді растайсыз.

Заңдар мәтіні~30 минут

Кезең 3

Тест тапсыру

Оқылған заңдар бойынша тест тапсырасыз. Сұрақтар заң мәтінінен алынады. Тест сәтті тапсырсаңыз, келесі кезеңге өтесіз.

СұрақтарБір рет

Өтініш беру үшін талаптармен танысқаныңызды растаңыз